2022-2023 оқу жылы бойынша №6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебінің ішінде «Күншуақ», «Достық», «Балдырған» атты
жазғы демалыс лагері құрылды.
Жазғы демалыс кезінде 2023 жылдың 5 маусым айынан бастап 21 шілде айына дейін 3 кезеңнен тұрады.
Әр кезенде 25 оқушыдан.Жалпы 3 кезең бойынша демалыс лагерінде 75 бала қамтылды.
Лагердің жұмыс уақыты сағат 9.00-12.00 дейін. Жазғы лагерінің жоспары жасалып,бекітілді. Жазғы лагерінің мақсаты:балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып,ойындар арқылы адамгершілікке,елжандылыққа тәрбиелеу.Олардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау. Лагерде балаларға барлық жағдай жасалып,ойын бөлмесі дидактикалық материалдармен жабдықталған. Жоспар бойынша қызықты іс -шаралар жүргізіліп,балалар ойын ойнап,саяхатта серуендеп уақыттарын өте жақсы өткізуде.
Тоқсандар бойынша сабаққа қатысу, бақылау және талдау шарасының сандық мәліметі
Оқу қарқынын (жылдамдығын) тексеруден кейінгі түзету. Бастауыш буында оқу дағдыларының нормалары 2 жартыжылдыққа бөлініп беріледі және ол төмендегідей көрініс табады:
Сыныптар | І жартыжылдық | ІІ жартыжылдық |
2 сынып | 40-45 сөз | 50-55 сөз |
3 сынып | 60-65 сөз | 65-70 сөз |
4 сынып | 75-80 сөз | 80-90 сөз |
Бірінші жартыжылдықтағы оқу жылдамдығын тексеру нәтижесі екінші сыныпта 30-35-40 сөзді құраса, үшінші сынып оқушыларының жылдам оқу көрсеткішінің жоғары деңгейі 60 сөзді, 4 сынып оқушылары үшін қалыпты деңгейге сәйкес келді. Екінші және үшінші сынып оқушыларының нормадан ауытқушылықтары тексеруден кейін анықталған соң қарқынды жұмыстар жүргізілді.
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бағытында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша жоспар жасақталып, сол жоспар негізінде мектеп кітапханасында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жобаның мақсаты оқырмандардың кітап оқуына басшылық жасау, қызығушылықтарын ояту, қазақ ертегілерін насихаттау арқылы оқырманның бойына рухани құндылықтарды ұялату. Оқушылардың санитарлық гигиеналық талаптарды сақтай отырып, үзілісте бір мезет ертегілер оқуын ұйымдастыру, сыныптарды аралап, кітаптарды үлестірілсе, дәліз бойында қабырға стенді ілінген «Bookcrossing», «Кел,балалар,оқылық!» бұрыштары жасақталды.балалар көркем әдебиеттерді оқып танысты.
Ең ұтымды өткен шаралар қатарына «Отбасымен бірге оқимыз», «20 минут оқып 3минут эссе жаз», «Мұражайға саяхат», «Аудандық кітапханаға саяхат», «Жеті атаңды білесіңбе», «Ыбырай шығармаларын оқу», «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көрінбей» байқау, «Алаштың Ахметі» танымдық кеш, «Ыбырай 180 жылдығына »кітап көрмесі, «30 жылдыққа отыз кітап» электронды кітап және т.б |
Жазу сауаттылығы. Бастауыш сыныптар бойынша басшылық пен бақылау жоспарына сәйкес 1-4 сынып оқушыларының дәптерлерінің ұстап тұтылуы мен жазу сауаттылығын тексеру тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Тұрақты тексеру нәтижелерінің тиімділігі бастауыш буындағы 75 % оқушының жазу сауаттылығының жоғары деңгейімен көрінеді. Қалған пайызды оқушылар емледен, кейінді және ілгерінді ықпалдардан, ережелерден шатасатындықтарын тексеруден кейінгі талдауларға сүйене отырып айта кеткен жөн.
Дарынды оқушылармен жұмыс. Дарынды оқушыларды қолдау, марапаттау, олардың қабілеттерін одан әрі қарайғы шыңдау жұмыстарында жыл ішінде үздіксіз жұмыс жүргізіледі.
Аудандық «Кішкентай білгірлер» интеллектуалдық білім сайысына қатыстырылды. Олар: Берік Сабрина, Жанат Аслан,Амангелді Еркеназ, Серікбаева Әдем қатысып, жүлделі І орын иеленді.. Жетекшісі: Жумабаева А
Аудандық «Ер едіге» жырын жатқа айтудан «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар міңіп, ту алған!» байқауына Мұқанова Адина, Ермекбай Асем, Теңел Мира 3 оқушы қатысып белсенділік көрсеткені үшін дипломдармен марапатталды. Жетекшісі. Қадырова Э.
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Мың бала» интеллектаулдық білім сайты ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай өлеңдерін мәңерлеп оқу Республикалық шығармаларға қатысып, жүлделі І орын алған 2- сынып оқушысы Коваленко Эльдар және осы мәтінде жүлделі ІІ орын алған Исағали Серікболсын марапатталды. Жетекшсі: Сейлханова Ж
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «МЫҢ БАЛА» интеллектуалды білімсайтының ұйымдастыруымен «АСЫЛ АНАМ» атты байқауына қатысып , үздік нәтиже көрсеткені үшін 4- сынып оқушылары Амангелді Еркеназ, Базарбай Кәусар жүлделі 1 орын алды. Жетекші : Жумабаева А
Оқушылар арасында өткен Қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай өлеңдерін мәнерлеп оқу Республикалық шығармашылық байқауына «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша қатысып,үздік нәтиже көрсеткені ұшін жүлделі 1 орын алған 4- сынып оқушысы Амангелді Еркеназ. Жетекшісі: Жумабаева Ә
Республикалық «Зерде » атты шығармашылық жобалар зерртеу жұмыстары конкурсының аудандық кезеңде жүлделі І орын Берік Сабрина .Жетекші Жумабаева А. 2 сынып оқушысы Болатов Ердаулет І орын.Жетекші Сисенбаваева А
Жалпы білім беретін мектептердің 6-10 класс оқушылары арасында өткізілген республикалық Мағжан оқулары байқауының аудандық кезеңінің ақын шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша үздік нәтиже көрсетіп ІІІ орын алған Мұқанова Адина. Жетекшісі: Қадырова Э
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5-7 – класс оқушыларының арасында ұйымдастырылған «Көп ұлтты, тату елім- Қазақстан » тақырыбындағы (сырттай) эссе байқауына 7- сынып оқушысы Берік Аяна қатысып, жүлделі І орын алды. Жетекшісі: Максимова С.
Жалпы білім беретін мектептер бойынша бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Бастау» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып ,жүлделі І орынды иеленген «SMART» тобы 2 сынып оқушысы Бақтыбаев Алихан, жетекшісі Ж.Сейлханова, 3 сынып оқушысы Болатбай Ердәулет,жетекшісі А.Сисенбаева, 4 сынып оқушысы Берік Сабрина , жетекшісі А. Жумабаева марапатталып облысқа жолдама алды.
2021-2022 оқу жылында 2-9 сыныптар арасында негізгі пәндер бойынша ақтаңдақтарды жою мақсатында оқушыларға тәуелсіз бақылау ұйымдастырылып отырды. Оқытуды қалпына келтіру мақсатында тоқсан басында мектепшілік жұмыс жоспары құрылды. Жоспар бойынша оқушылардың біліміндегі «ақтандақтар» мәселелері бойынша мұғалімдер жеке жұмыс жоспары бойынша оқушылардан тапсырмалар алынды.Тапсырма беру арқылы 2-9-сынып оқушыларымен жұмыс жасалды. Білімдерін саралау , біліміндегі олқылықты анықтау мақсатында тест тапсырмалары алынды.
Қосымша сабақты қажет ететін оқушылармен жұмыс.
Мектепішілік бақылау нәтижесінде қосымша сабақты қажет ететін оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу керектігі белгілі болды. Пән мұғалімдеріне жоспар бойынша оқушылармен қосымша сабақ жүргізуге тапсырма берілді.
Бұдан өзге де мектепішілік бақылау жұмыстарының нәтижесі оқушылардың білім сапасын жетілдіруге, оларды білім, білік, дағдылармен қаруландыруға, жасалмаған немесе күтілетін нәтижеге жетпеген жұмыстармен қайта шұғылдануға, үздік біріншіліктен көрінуге жетелейді.
Құжаттама
Аты | Түрі мен өлшемі | |
---|---|---|
VID-20221227-WA0209 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
IMG-20221227-WA0192 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
IMG-20221227-WA0207 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
IMG-20221227-WA0220 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
IMG-20221227-WA0191 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
IMG-20221227-WA0181 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
IMG-20221227-WA0199 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
VID-20221227-WA0206 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
CamScanner 10.11.2023 09.44 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
CamScanner 10.11.2023 09.43 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
CamScanner 10.11.2023 09.42 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
CamScanner 10.11.2023 09.40 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
CamScanner 10.11.2023 09.39 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
CamScanner 10.11.2023 09.38 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |