Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ата-аналармен жұмыс. Ата-анамен жұмыс педагог қауымының міндетті жұмыстарының біріне жатқызылады. Сол себепті ата-аналармен тікелей байланыс жасау үшін апта сайын   олардың ұсыныстарын, тілек-талаптарын тыңдау, жауап беру – басшы орынбасарының жұмысының бөлінбес бөлігі болып табылады.

Мектебімізде  9 класс комплектісі болса, осы кластардың барлығында өткізілетін,  ата-аналармен бірге жасалатын жұмыстарда, тоқсандық отырыстарда, жалпы республикалық жиналыстарға үнемі қатысып отырамын. Түрлі отырыстар мен жиналыстардың болуы туралы ақпараттарды мектептің әлеуметтік желісіне де орналастырамыз.

Жұмыстың бұл түрі өз кезегінде ата-аналармен жақын болуға, олардың әлеуметтік тұрмыс-жағдайымен танысуға кең мүмкіндік береді.Ата-анамен бірлескен жұмыс жолға қойылмай, тәрбие бағытындағы жұмыстардың ілгерілеуін көруге болмайды.   Ата-ана, мұғалім, оқушы – үштік одақ. Оқушылар еліміздің келешегі, ертеңі. Сондықтан олардың бойындағы болашаққа сенім, үміт, оптимистік көзқарас ұялату – баршамыздың парызымыз.

 

 

Құжаттама